Мақалалары

Қазыбек би сөзі (Шәкәрім ақсақал айтуынша)

Баяғы Қазыбек би:
уақ Бура мен соған жапсарлас арғынның басты адамдары зорлық пен параға айналды
деп естіп, осы жақтан барған біреуден сол рас па деп сұраса, ол міңгірлеп,
жауап айта алмапты. Сонда Қазыбек:
«Ауруын
жасырған ажалсыз өледі, зорлықтан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе бұған
сор, айтпайын десе елге сор. Отыз тістен шыққанды, отыз ру ел білер. Қазақтың
қайғысы қалмақ еді, берекемен жауын алмақ еді. Мынау берекені бұзатын құрт
ауру, не қылған ауыр салмақ еді. Қазақтың түбіне жететін ауыр дерт зығыр
майындай жайылмаса игі еді» деп кейіп, жантая кетіпті дейді.

Қазыбек би сөзі (Шәкәрім ақсақал айтуынша) — Шәкәрім шығармалары | Shakarim