Өлеңдері

Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние

Өлімнің хақ екенін көрсең де, Өлместей омыраулап, шатасың. Дозақтың барын біліп жүрсең де, Күнәға, әлің келсе, батасың. Сауап көп ғибадатқа десең де, Жалығып, жалқауланып жатасың. Алланың адал рызығын жесең де, Арамды әдейі іздеп татасың. Сыртыңды сыланасың өң беріп, Ішіңнің түзетпейсің хатасын. Айла мен алдағанды жөн көріп, Адамды аң орнына атасың. Жалғанның бір пайдасын көргенде, Арланбай арыңды да сатасың. Алланың ақ өлімі келгенде, Амалсыз қара тастай қатасың.

Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние — Шәкәрім шығармалары | Shakarim