Өлеңдері

Аурусыз жанға айла жоқ

Аурусыз жанға айла жоқ, Аурулы жанға дәрi бар. Аурусыз адам қайда жоқ, Аурудың онда бәрi бар. Аурусыз жандар – мисыздар, Мисызда ауру бола ма? Тәнi сау, миы науқастар, Ондайға дәрi қона ма? Милыда ойсыз күн болмас, Ауырмай миы тұра ма? Миынан басқа ем қонбас, «Емдейiн бе?» деп сұрама!