Өлеңдері

Бұл кездегi дiндердiң бәрi – нашар

Бұл кездегi дiндердiң бәрi – нашар, Ешбiрi түзу емес көңiл ашар. Өңкей алдау, жалғанды дiнiм дейдi, Тексерсең, ойың түгiл жаның сасар. Әлемдегi дiндердiң түп мақсұты Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар: Құдай – бір, ұждан – дұрыс, қиямет – шын, Еш дiннiң мақсұты жоқ мұнан асар. Дiн адамды бiр бауыр қылмақ едi, Оны бөлiп, дұспандық қару жасар. Iнжiл, Құран – бәрi айтып тұрса-дағы, Мағынасынан адасып қара басар. Сүйтiп бұзып, бүлдiрiп есiл дiндi, Дiн десе бiлiмдiлер тұра қашар. Ешбiр дiн үйтiп дұспан бол демейдi, Қанеки, бұл сөзiме кiм таласар?