Өлеңдері

Қатындар жас баласын күтедi

Қатындар жас баласын күтедi, Аямай қолдан келген шамасын. Емiзбей, ұрып-соғып, түртедi, Ержетiп eci кiрген баласын. Бұ дүние бiлiмi бар адамды, Қайғылы бейнетпенен өткiзер. Қайдағы ақылы жоқ наданды, Ойлаған тiлегiне жеткiзер. Қарасаң, дүниенiң мiнезi, Ұқсайды қатындардың iсiне. Анық-ақ ұрғашы екен бұл өзi, Тынышсыз, ақылы бар кiсiге. Рахымсыз, бiлiмi жоқ ұрғашы Бiле ме бiлiмдiнiң қадірін. Демеймiн дүние өтпей тұрсашы, Мұнан да тыныш болар қабірім.