Өлеңдері

Ей, көп халық, көп халық

Ей, көп халық, көп халық, Көп те болсаң, шөп халық. Партияшылды құтыртпа «Мен – сендікпін» деп, халық. Оң-терісін байқамай, Ылайлап тұнық шайқамай, Таза жолдан тайқамай, Тура жолмен кет, халық. Таласты көрсең – басып айт, Кемдігін көрсең – қосып айт. Кекеп, мұқап қыздырма, Берекесін бұздырма. Ызаның айт дегенін Желіктіріп сыздырма. Адалдың әділ жолына Ақырын басып жет, халық.