Өлеңдері

Жаз келер

1880

Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп, Қар, суық, аяз, боран – бәрі кетіп. Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, Бар құдай барша жанға рахым етіп. Жетпекке үлкендікке жас балалар, Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп, Өткен күн, өмірін айтып, күбірлесіп. Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, Қуанып ойнақтайды, олар да өсіп. Сүйтсе де адам көзі бір тоймайды, Құдайым берсе-дағы қанша несіп.