Өлеңдері

Жүз жыл бақты болсаң да

Жүз жыл бақты болсаң да, Әлемнен асып толсаң да, Алтын таққа қонсаң да, Айрылған күнi – бiр кейiс. Жүз жыл азап тартсаң да, Аш-жалаңаш қатсаң да, Абақтыда жатсаң да, Құтылған күнi ол – бейiс.