Мақалалары

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды

Өткен жылғы 12-нші нөмер «Қазақ» газетасына оқшау сөз
жазған Қыр баласына жауап:
Шежіремді бағасынан артық мақтағандығыңызға қуанбасам да,
қазақты шежіре оқуға қызықтырғаныңызға тәңірі жарылғасын!
Алаш туралы сөзіңізге, Халел мырза Досмұхамедов жауап
берді. 15-нші нөмер «Қазақта».
Керей таңбасы
туралы, менің ойым мынау: ол, кіреш емес, ашамай неге десеңіз: шежіренің 11-нші
бетіндегі Аристов сөзінде, Керей таңбасы Ашамайша да салынған және 55-нші бетте
біздің орта жүздегі керейлер керейіт нәсілінен Ашамайлы деген кісінің нәсілі
деп жазылған ғой. Осы аты емес лақабы ғой, ергенекті деген секілді. Және 19-нші
беттегі Қытайдан алынған Нәжип Ғасым сөзінде: «Тіпті ескі замандағы таңбаларын...»
деген сөз оның алдындағы: «Жүз жылдан бұрынғы» деген мың жылдық заманнан да
бұрын екенін білгізеді. Және баста қаңлы бір тартқан , қыпшақ екі тартқан , найман
екі таяқтың төменгі бас қосқан V , керей айқастырған.
Байқасақ, қазақ таңбасының ең түбі: найза мен айбалта яки
садақтан. Мысалы қаңлы таңбасын найза деп те жазады, найза секілді екені де
рас.
Осы екеуінен
өзгере-өзгере неше таяқ неше дөңгелек болған. Мысалы төре таңба ұлы жүзде, « »,
қоңырат ай , арғын көз таңба .
Қазақтың пішпеге шек
салатұғыны Ашамай. Кейде жағына сүрме де салады. Сүрме төре яки ұлы жүздің
сүргі яғни малатемір таңбасы ғой. Бура пішкенде санына қос таяқ тартатұғыны да
болады. Ол қыпшақша ғой. Бейіт пен сүпі де кіреш болса ол Ашамай ғой білсін
деген. Бірақ несториан жазуымен дұға бар болса, шоқындырылғанға дәлел болса
болар. Сонда да кіреш емес Ашамай деп ойлаймын. Себебі: осы христиан кіреш
болса керейдің ескі таңбасы қалай болады? Не қылса бір таңбасы болмай қоймас.
Керей тіпті ескі ел ғой! Және жалғыз ғана креш белгі қалып өзге христиан
белгісі қалмағаны қалай? Тым болмаса, Ғайса ғам туралы баяғы мәжуси дінсіз
күндегі ырымның бәрі бұлжымай келгенде Ғайса ғамды ұмытты дегенге танғым келмей
тұр.