Өтініш
47-нші нөмір
«Қазақ»-тағы Досмұхамед Қылышбай
қажы баласының «Аш, жұтаған, ауған қазақ» деп бастаған сөзінен мағұлым болды,
Жизақ уезі Қызылқұм болысында біздің арғын тобықты нәсілінен ел бар екендігі.
Және Сырдария бойында Ақмешіт уезі Скобловский болысында да арғындар бар екендігі. Сол ағайынымыздың
арғынның һәм тобықтының
қай атасының нәсілінен екенін анықтап білуге мұқтаж болғандықтан төменшілікпен
өтінемін: ол жақта «Қазақ» газетасын алып оқушы арғын, тобықты болсын, басқа
ағайын болсын, сол арғын тобықтылардың ата жөнін анықтап һәм басшы адамдарының
өз аты, әкесінің атымен толық адресін жазып, не «Қазақ» газетасы арқылы, не
почта арқылы хатпен білдірсе, үлкен мархамат жәрдем қылған болар еді. Егер осы
хабарды алсақ, біз де өзімізді ол ағайындарға білдіруге барша қазақ, түрік
нәсілін жазған шежіре кітап жіберер едік.
Мұндағы тобықты
жеті болыс елміз – екі болыс Дадан Қарқаралы уезінде,
бес болыс ел Семей
уезінде.
Ілтифат қылып
хат жазушы болса адресім мынау:
Ст. Аркать, Семип. Обл. Киргизу
Чингизской волости Шах-кариму Худайбердиеву