Мақалалары

Қараменде мен Кеңгірбай (Қабекең) (Шәкәрім ақсақал айтуынша)

Даданның Боқты
деген тәуір адамының бір ағайынынан тобықтының мырза деген руы бір қысырақ
ұрлап қырып алыпты. Қуғыншы келгенде мырза танып, әлденеше жерде сөз болып,
аяғы Қабекең мен Қарамендеге барып, екеуі біріне-бірі сөзін айтып, арасына
қайта-қайта кісі жүріпті.
Нағыз жарыққа
түсетін екі куә табылмай, ішек-қарын аршыған қатыннан шыққан сөз деп Жұмағұл
болып жабыла танған соң, күмәнға салайық десе Боқты көнбей, әбден ысқаяқ дау
болыпты.
Сол тақырыпты
Қабекең байғара Кенбайды Қарамендеге жұмсардың алдында сендер Қарамендеге: «Шын
болса желдеген тай шығар, өтірік болса баяғы қазақтың жала жапқан жайы шығар;
батыр айғақ, бай шөгелі болмаған даудың жайы қалай болатынын Қараменде өзі
айтсын деп айтыңдар! Сонда Қараменде айтар: «Бұл Қабекеңнің күмән ал дегені ме,
не басқа жүзден келген дау емес, тым болмаса өзге орта жүз дауы емес.
Қараменде мен
Кеңгірбай тобықтының бес тайын қағып таба алмай күмәнға салыпты дегенге жанның
бәрі күлмей ме? Онан да Қабекем өзі қақысында не бар, не жоқ қылсын. Мен сөзді
сол кісіге билеттім» дер.
Сонда сен
ойланғансып отыр да: «Япырай, бір-ай! Бұрында шатасқан антұрған дау еді. Енді
екеуіңнің араңда жүріп осы бес тай үшін өміріміз өте ме? Бұл сөзіңізді айтқанда
Қабекең Қараменденің мұнысына рахмет. Берді деп жұта салғаным лайық емес қой.
Мен өзіне бергенім берген десе тағы қайта келем бе? Ондағы бітімін айтып
жіберсеңіз болмай ма? Қабекем сізге берді ғой деңдер. Сонда Қараменде айтар:
«Кеңгірбай бұл
сөзді маған біржола беріп отырған жоқ. Оны сөз қосып, құйрығынан ұстай беріп
отырғаннан білмеймісің. Оның қасында көп жүріп, сырлас болып едің ғой:
Құйрығын ұстап
мал берсе,
Қолыма тиді
демеңіз.
Алақанын ашпай
ас берсе,
Асатты ғой
демеңіз»,
– деп Құттыбай би айтқан жоқ па? Бұл сөзді мені сынамай-ақ өзі айтсын. Бірақ
«Қоңырды қағу кімге жөн, Өмірді қағу кімге жөн» осынымды айт дер (Өмір –
Даданның шын аты екен, Қоңыр – тобықтының бір мол атасы). Сонда сен: бұл соңғы
сөзіңізді Қабекеңе айтып бармаймын. Мұныңыз Қабекемнің өзін күмәнға ұстаған
болмай ма де, ол сөз
айтқанша «айтқандайын баяғыда Қазыбек би Әнет бабаңнан шариғат пен ескі қазақ
жолын үйренемін деп көшіп келіп, бір жазу үйреніп, күз қайта көшерінде табан
ақыңды айт, бата бер дегенде бабаң не деп еді? Соны ұмытып қалыпсың, сұрай кел.
Осы сөзге не айтса да ұмытпай кел» деп еді-ау де.
Кенбай
Қарамендеге келіп, Қабекең сөзін айтса, дәл Қабекемнің айтады дегенін айтыпты.
Үйретінді сөздерге дәл айтқанындай шығыпты да: «Соңғы сөзіңді айтпаймын. Бабаң
Қазыбекке не деп еді дегенде Қараменде «а» деп тұра қалып: «Мен адасып отыр
екенмін ғой. Бұл сөз Кенбашаның сөзі емес, Кеңгірбайшаның сөзі екен ғой.
Жауласқан жатқа айтатын бітімсіз сөзін маған айтқаны екен ғой. «Көбік ауыз
боқты көнбес, көк ауру мырза бермес; Кеңгірбай сөзі бұл болса, бұл ара қоныс
болмас». Кеңгірбайға сәлем де, бұл сөзді маған берсе, мен бес тайды салауат
қылдым. Ол үлкен болып қоныс алсын, мен отау болып, өріс алайын. Күндердің
күнінде көрісерге күн жақсы болсын. Алыстан іздемесін кезең астындағы Кеңқақтан
табар» депті (Кеңқағы – Балқаш теңізі).
Әнет бабаң
«Қазақ жолы – қанағат, о да жолдан адаспас; қасаң дау емі – шариғат, оған ешкім
таласпас» деген екен. Қабекең бұл сөзді ұмытқан жоқ, әдейі айтып отыр. Себебі,
шариғатта ұрлық сияқты ауыр жазалы іске екі таза куә керек, не мойнына алу
керек. Әйтпесе салауат болады...